БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Бұл қазақтың басы тіл, дін, саясатта ғана емес, төтенше жағдайда да бірікпейді екен ғой.

2157
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та 2 мың адам жұқтырып, 50 адам қайтыс болды. Италия вирустың таралуынан бірінші орынға шықты. Германияда 4 мың адам жұқтырған. Неміс халқының 70%-тен астамы жұқтыруы мүмкін деп дабыл қағып жатыр.

Бізде нұршылсың, оппозициясың, мемлекетшілсің, сатқынсың, адалсың, арамсың деген қыртымбай даумен әлек кейбір ағайындар. Абай тура айтқан қазақты басқару үшін бай hәм билігі мықты адам болуың керек. Бас-басына лағып кетпеуіміз үшін алдағы 40-50 жыл Қазақстан президенттері бай әрі билігі күшті президенттік институттан болуы керек.

Тіпті бар ғой қазақтан шыққан Ли Куан Ю ендігі бір 5-10 жылда бүгінгі сіздер сатқын, нұршыл деген биліктің ішінде жүрген тәжірибелі мамандардың бірінен шығады ма немесе оппозициямын деп жүрген белсендіден шығады ма ешкім білмейді. Даму деңгейіміз сондай. Енді бір 5-10 жылда бүгінгі билікте не партияда жүрген бір маман уақыт сағаты келгенде суырылып шығып, керемет реформа жасап, елді көтеріп, ал фейсбукте шулатып жүргендер өмірінің соңына дейін әлеуметтік желінің деңгейінен аса алмаған деңгейде қалуы да бек мүмкін. Ешкім ешкімнің алдынан шығып келген жоқ. Сондықтан кішкене сабырлы болып, сауатты пікір алмасуды үйренеиік. Бір-бірімізді өртеп жіберетін түріміз бар ғой мына беталыспен.

Пікірлер