Тоқаев Президенттік қызметінен кете ме?

2481

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ҚР Президентінің қызметі туралы сұраққа жауап берді.

2019 жылы 19 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Бүгін осы күннің мерейтойы. Сондықтан да, желіде Қ.Тоқаевтың  Мемлекет басшысы қызметінен кететіні туралы әңгіме көбейіп кетті.

"Шынымды айтсам, мұндай асханалық әңгімеге түсініктеме беру ыңғайсыз екен. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тақырып  сарапшылар мен журналистерден бастап  емделіп жатқан нашақорларға дейін маңызды болып тұр. Мен оларға тек бізге маңызды, нақты істерге ғана көңіл бөлуіміз керек деп айтқым келеді. Өздеріңіз білесіздер, біз нақты проблемалардан басқа нәрсеге алаңдамауға тырысамыз. Желідегі жалған ақпараттарға құзыретті органдар өзінің құқықтық бағасын бере жатар. Ал, біз қазір нақты істерге назар аударуымыз керек. Бізде халықтың сеніміне ие заңды сайланған Президент бар" - деді Д.Абаев.

Д.Абаев Н.Назарбаевтың  қызметінен кеткені туралы ойымен де бөлісті.

" 2019 жылы 19 наурызда шын мәнінде тарихи күн болды. Бұл күн елді өзгертті. Біздің тарихымызда жаңа кезең басталды. Бұл шешім барлығы үшін күтпеген жерден болды. Менің ойымша, Елбасының осындай тарихи шешім қабылдауындағы  даналығы мен тереңдігін біз кейінірек түсінеміз. Оған біздің балаларымыз, бәлкім немерелеріміз дәл бағасын беретін болады"- деп атап өтті.

Жасұлан Наурызәлі

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер