Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 168 отбасы баспаналы болды

341

Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрғандар мен "Тұрғынүйжинақбанкі" АҚ салымшыларына жаӊа көпқабатты үйлердіӊ 168 пәтері берілді. Мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасымен салынған несиелік тұрғын үйлердіӊ кілтін облыс әкімі Амандық Баталов пен "Қазақстанныӊ Тұрғынүйжинақбанкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова табыстады. Қоныс иелерін құттықтаған облыс әкімі А. Баталов Талдықорған қаласын дамытудыӊ жоспарына, соныӊ ішінде 7-шағын ауданда салынатын құрылыс нысандарына қысқаша тоқталып, жаӊа баспаналарына құтты болсын айтты. - Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес облыста ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Талдықорған қаласы да күннен күнге көркейіп келеді. Соныӊ бір айғағы - бүгін жаӊа пәтерлерге қол жеткізіп отырсыздар. Облыс орталығындағы жаӊа баспаналарыӊыз құтты болсын - деді А. Баталов. Кілт тапсыру салтанатыныӊ алдында А. Баталов пен Л.Ибрагимова жеке тұрғын үй құрылысын дамыту туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде қос тарап келісімі бойынша жыл соӊына дейін Талдықорғанда банктіӊ қатысуымен коттеджді қалашықта 48 жер үй салынады деп жоспарланып отыр. Ал мұнан кейінгі 2 жыл ішінде осындай жеке тұрғын үйлер санын 600 жеткізу межеленген. "Нұрлы жер" бағдарламасы негізінде жеке тұрғын үйлер салынатын жер алаӊдарыныӊ инженерлік инфрақұрылымын жасауға толық қолдау көрсетеміз", - деді А.Баталов. Аталмыш банктіӊ Алматы облысында 43 мыӊнан астам салымшысы бар, яғни облыс республика көлемінде салымшыларыныӊ саны жағынан алдыӊғы қатарда. Бұл - Алматы облысыныӊ орталық қаласында ғана емес, Қаскелеӊ, Талғар сияқты шағын қалаларында да инфрақұрылымныӊ жақсы дамығаныныӊ нәтижесі. "Тұрғынүйжинақбанкі" АҚ Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеӊберінде облыста 74,1 мыӊ шаршы метр тұрғын үй салған. Соныӊ ішінде "Тұрғындардыӊ барлық санатына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша 41,1 мыӊ шаршы метрлік 12 үй немесе 609 пәтер салынса, "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағыты бойынша 33 мыӊ шаршы метрлік 7 үй немесе 593 пәтер пайдалануға берілген. Жалпы 2017 жылы 6 үй салу жоспарланса, соныӊ 4-еуі Талдықорғанда болмақ.

Пікірлер
Редакция таңдауы