Қазақстанда тағы 15 адамнан коронавирус анықталды

2332
Adyrna.kz Telegram

Фото:elements.envato.com

Қазақстанда тағы 15 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам тiркелдi, Қарағанды облысында - 7 адам, Жамбыл облысында - 5 адам, Қостанай облысында - 2 адам, Шымкент қаласында - 1 адам.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 7 сәуір 14:10-дағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 32 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 54 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 685 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Пікірлер