Өзбекстан: еш себепсіз серуендеу 650 доллар тұрады

2775
Adyrna.kz Telegram

Кешеден бастап  Ташкент көшелерінде және облыс орталықтарында серуендеп жүрсеңіз 6,6 миллион сум (650 доллар) айыппұл төлейсіз, деп хабарлады Өзбекстан әділет министрлігінің басшысы Ғайбулла Примов .
Мұндай айыппұл қарапайым азаматтар үшін белгіленген. Шенеуніктер үшін 6 миллион 690 мыңнан 11 миллион 150 мыңға дейін.
Сонымен қатар, егерде көшеде ұсталған адам адамдарға короновирусты жаппай жұқтыру қаупін тудырса, онда оған қылмыстық іс қозғалады.

Дүкенге, дәріханаға бару, итті серуендету, қоқысты шығару, жұмысқа бару, банкке бару маңызды себептер болып саналады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер