Әйелі мен екі қызын өртеп жіберген деген күдікке күйеуі ілінді

3956
Adyrna.kz Telegram
Өртенген үйден жергілікті тұрғын мен кәмелетке толмаған екі қызының денесі табылды. Әйелдің күйеуіне әдейі өрт қойды деген айып тағылып отыр

Батыс Қазақстан облысында әйелі мен қыздары болған үйді әдейі өртеп жіберді деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол Тасқалы ауданы Ақтау ауылының тұрғыны, деп хабарлайды өңірлік "Уральская неделя" басылымы.

Қайғылы оқиға бейсенбі, тоғызыншы сәуірде болған.

Өрт сөндірушілер жанып кеткен үйден әйел мен кәмелетке толмаған екі қыздың денесін тапты.

Полиция күдіктіні ұстады. Алдын ала ақпарат бойынша ол марқұм әйелдің күйеуі.

"Жер үй өртенген. Өрт сөндірушілер бірінші және екінші сыныпта оқитын екі қыздың және олардың анасының мәйітін тапты. Криминалды полиция басқармасы ер адамды ұстады. Ол үйге әдейі өрт қойды деген күдікке ілінді",- деп мәлімдеді ведомстводан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, ер адам қайғылы оқиғадан кейін өзіне қол салмақ болған. Осылайша ауруханаға жатқызылған.

Көз жұмған адамдардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Sputnik

Пікірлер