Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

2675
Adyrna.kz Telegram

Фото: Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1936 жылы дүниеге келген. Марқұм - Павлодар қаласының тұрғыны, ол 8 сәуірде "орташа ауыр деңгейдегі ауруханадан тыс полисегментарлық пневмония, ӨОСА" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ер адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті. Ер адам 2016 жылы "бронх астмасы", "өкпенің обструктив созылмалы ауруы" (ӨОСА), "жүректің ишемиялық ауруы", "үшінші дәрежедегі артериалық гипертензия" және "көкірек терісінің қатерлі ісігі" диагноздарымен есепте тұрған", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл аурулар науқастың жағдайын нашарлатқан.

Павлодарда коронавирус анықталған тағы бір науқас 1981 жылы дүниеге келген. Ол 8 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Байланыста болған тұлғалар анықталып, станционарлық карантинге жатқызылған.

Осылайша Қазақстанда қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 8-ге жетті.

Еліміз бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 жағдай тіркелгені хабарланып отыр.

Алматы қаласы - 1,
Ақмола облысы - 4,
Павлодар облысы - 2,
Қызылорда облысы - 8,
Нұр-Сұлтан қаласы - 2.

Қазақстан бойынша барлығы 781 жағдай.

Пікірлер