Коронавирус: Елжан Біртанов елдегі жағдайды баяндады

2379
Adyrna.kz Telegram

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індеті бойынша Қазақстандағы ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен тәулікте 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі 14,7 пайызды құрады. Оның ішінде ең үлкен сан Алматы қаласында - 106, өсім деңгейі - 64 пайыз, Қарағанды облысында - 12, өсім деңгейі - 18 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, өсім деңгейі - 3,6 пайыз болды», - деді министр.

Жалпы Елжан Біртановтың дерегінше, елімізде коронавирустан 14 адам қаза болды. Оның ішінде өткен тәулікте 2 науқас өмірден озды.

«Жазылып шыққан науқастардың жалпы саны - 138 адам. Қазіргі таңда 939 науқас стационарлық ем алып жатыр. Олардың ішінде 57 бала бар. Жағдайы тұрақты науқастардың саны 82 пайыз немесе 770 науқастың жағдайы жеңіл. Орташа деңгейде 151 науқас немесе 16 пайыз, ауыр деңгейде 18 науқас немесе 2 пайыз. Жасанды желдету аппаратында 8 науқас жатыр. Жалпы реанимациядан 16 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте үш адам реанимициядан жалпы палатаға ауыстырылды», - деді ол.

 

Пікірлер