Тарих тағылымында - бабалар мұрасы

7411
Adyrna.kz Telegram

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлтымыздың тарихи мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап қана қоймай, бүгінгі таңда оны қайта жаңғырту, маңызын арттыру қажеттігін атап өткен болатын.

Тасын түртсе тарихы көрінетін Тараз шаһарында көптеген сан ғасырлық өмірге куә тарихи ескерткіштер бар. Соның бірі, сыр тұнған - «Ақыртас» сарай кешені. Араб деректерінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас осы Ақыртас болуы мүмкін деген деректер қарасы көп. Айталық, көбіміз көне ескерткіш тарихымен аса таныс емеспіз. Ол соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Жыл сайын көрші елдерден туристер қатары көбейіп, ескерткішке ерекше назар аударылуда. Ақыртас сарай кешенінің ішіне бүккен құпиялары кімді де болсын қызықтырмауы мүмкін емес.

Рухани жаңғыру негізі-тарихи ескерткіштер. Өз тарихымызды тастан қаланған ескерткіштер мен жазба әдебиетімізден танып білеміз. Бұл орайда, бізге артылатын басты міндет-тарихи мәдени мұрамызды ұлықтау, келешек ұрпаққа үлгі ету.

 

Бектұрғанова Алина Ерғалиқызы,

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем  тілдері факультетінің 1курс студенті.

Ғылыми жоба жетекшісі: Ф. Қозыбақова,

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Пікірлер