Тарихты танытатын жәдігерлер

3654
Adyrna.kz Telegram

Тараз...Асан қайғы бабамыз "таяқ тастасаң тал болып өсетін жер" деп сипаттаған қасиетті мекен. Тарихтың талай көші жүріп өткен көне шаһар.  Тараз қаласын ауызға алғанда,мұндағы көненің көзіндей болған көрнекті ескерткіштерге тоқталмау мүмкін емес. Ендеше, қаладағы "кешегінің куәсі" болған ескерткіш атаулының бүгінгі маңызы қандай екенін саралайық.

Ескерткіш сөзінің өзі "әлденені ескертер, еске түсірер нәрсе" деген ұғымды білдірсе керек-ті.Тараздағы Қарахан, Тектұрмас, Айша бибі, Бабаджа қатын және т.б ескерткіштер бізге нені еске түсіруде?Тарихты ма әлде ескі наным-сенімді ме?

Ескерткіштердің қайта қалпына келтіріліп, қорғалуының негізгі себебі келер ұрпақты тарихи тұлғалар өмірінен, тарихи оқиғалардан, ежелгі мәдениет үлгілерінен хабардар ету екені анық. Алайда, өз басым жоғарыда аталған кесенелерге өткенін тану мақсатымен барған адамдарды көргенім жоқ. Көргенім мынау:жас-жұбайлардың үйлену той күні кесенелерге кіріп, бақытқа кенелулерін тілеуі.Ежелгі ата-бабаларымызда "ата-баба аруағына сиыну" деген нанымның болғанын тарих дәлелдейді.Алайда,Елбасымыз "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласында айтқандай, "кежегесі кері тартатын әдеттерді ұлттық сана аясында сүрлеп қоюға болмайды."

Қазақтың бірқұдайлыққа көшіп, жаратушыға жалбарына бастағанына қай заман. Ендеше, рухани артта қалушылыққа жол бермей, тарихи ескерткіштерге тәу етуден бас тартатын уақыт келіп жетті. Тарихи ескерткіштер тарихты танытатын жәдігерлер ретінде бағалануы тиіс.

Гауһар Әуесхан

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем  тілдері факультетінің студенті

Ғылыми жоба жетекшісі: Ф. Қозыбақова,

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Пікірлер