“Адам болу-қасиет,азамат болу-міндет,патриот болу-парыз”

4575
Adyrna.kz Telegram

Дәл осындай шындық сөздің авторы, кезінде жаудың темірдей 5 қоршауын бұзып өткен-Баукең еді. Тек қана қаһарман бола қоймай,адам бойындағы игі қасиеттер мен міндеткерліктер туралы ойлары көрініс табады. Ел есінде қалған ер Баукеңнің бүгінде мерейтойына 110 жыл толып отыр. Сонымен қатар, Әл-Фарабидың 1150 жылдығы,Абай атамыздың 175 жылдығы. Осы мерейтойлардың қасында қазақ қаһарманының мерейтойы елеусіз қалғаны өкінішті.

Бірі білсе бірі білмес,майдан алаңында ел үшін қолға қару алғанынан бөлек, И.В.Сталин басқарған тоталитарлы кеңестік жүйеге қарсы пікір білдіріп, шовинисттік позициядағы генералдарға сес көрсетіп, жеке басқа табынушылыққа бой бермей,өз бойындағы ұлттық иденттілігін сақтай алуын көрсеткен, дәл осы  Бауыржан атамыз еді.

[caption id="attachment_35408" align="alignnone" width="241"] 1971-1973 жылдар шамасындағы фото[/caption]

Батыр ныспысының мәшһүрлігі 15 одақты ғана қамтымай , атағы мұхит асқан болатын. Оған себеп,Куба мемлекетінің командантелері Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның батырды сол елге шақыруы болатын. Бауыржанның мұхит асқандағы барған себебі- әскери дәрісті кубалық қарулы күштерге оқытуында. Осы орайда 1962 жылы атамыздың “Куба әскерлері”  атты кітабы жарық көрді.Онымен қоса, орыс әдебиетінің жазушысы Александр Бектің “Волоколамское шоссе ” атты кітабы иврит тіліне аударылып, Израиль сарбаздары азаматтық борышын өтеп болғаннан кейін,дәл осы Бауыржан Момышұлы туралы кітап қолдарына табысталады.

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы атын алып бұрын.

Үстінде туған елдің тұрды толқып,

“Бауыржан Момышұлы” деген бір үн.

 

 

Дайындаған:Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті Жақсығалиев С.

Жетекшісі:Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих факультетінің профессоры Қозыбақова Ф

Пікірлер