50 млн телефон нөмірі кибершабуылға ұшыраған

700

 

 2019 жылы кибершабуылдардан 11 ел зардап шеккен. Тіпті бұл зардап шеккен елдердің тізіміне алғаш рет Ресей мемлекеті де кіріп отыр. Бұл шабуылды ұйымдастырдырған  хакерлік операцияларды жүзеге асыратын Bluenoroff бөлімшесі болуы мүмкін екені айтылуда.

Bluenoroff 2014 жылы Sony Pictures Entertainment серверін бұзса, 2016 жылы Бангладеш Орталық банкінен 81 млн доллар ұрлаған. Оған қоса миллион долларлық бірнеше крипто-валюта биржаларын тонап, Lazarus Wanna Cry вирустық бағдарламасын іске қосқан.

Lazarus - Солтүстік Корей үкіметтік тобы Жапония мен Оңтүстік Кореяға, кейде өзгеде аймақтарға шабуылдап отырады.

Қытайлық хакерлер де қалыс қалмай, көптеген жүйені бұзып, дербес және корпоративтік деректердің үлкен көлемін ұрлап кеткен.

30-дан астам елде 10-нан астам компания нысанаға алған зиянкестер Үкімет мүшелері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және саясаткерлер туралы ақпараттар жинаған.

Кибершабуылдар осыдан жеті жыл бұрын басталған. Олар телефонмен сөйлесу жазбаларына немесе SMS-хабарламалардың мазмұнына тікелей қол жеткізе алмаса да, пайдаланушылардың қоңыраулары туралы деректерді сақтай білген.

2019 жылы белгісіз тұлғалар ЕОБ-ға тиесілі біріктірілген банктік есептілік (BIRD) сайтынан құпия ақпаратты ұрлап кеткен.

Бұл сайт банк қызметкерлеріне арналған және әртүрлі есептерді жасау бойынша кеңес беру қызметін атқарады. Сайтқа шабуылдаудың негізгі мақсаты –жазылушылардың жеке байланыс деректерін, электрондық пошта мекен-жайларын және  ондағы қызметтер туралы  мағұлмат алу болған.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің кезекті отырысы қарсаңында хакерлердің қытайлық командасы АҚШ-тың Ұлттық өнеркәсіпшілер қауымдастығының (NAM) желісіне шабуыл жасап, АҚШ президенті Дональд Трамп пен НАП басшысы Джей Тиммонстың кездесуімен байланысты кез келген мәліметтерді алуды көздеген. Қытайдың бұндай шабуылы АҚШ пен сауда соғысында артықшылық алуға дайындығын білдіреді.

2019 жылдың тағы бір кибершабуылы АҚШ-тың кедендік және шекаралық бақылау қызметінің саяхатшыларының автомобиль нөмірлері мен фотосуреттерінің базасынан айырылуымен жалғасты. Киберқылмыскерлер Американың шекарасын кесіп өткен миллиондаған адам туралы ақпараттарды, паспорт деректерді, фото және автомобиль нөмірлерді қолды қылған.

Қытайдың тағы мемлекеттік APT10 хакерлерлік тобы әр түрлі компаниялар қызметкерлерінің есептік деректерін жинау үшін бағытталған фишингті пайдаланып, содан кейін олардың желісіне вирус енгізіп, жеке меншік ақпараттарды ұрлайды.

Бұл APT3 бөлімшесі АҚШ-тың АНБ-дан кибершабуылдарды жүзеге асыруға арналған құралдарды ұрлап, APT3 киберқылмыскерлер шабуылдаушы компьютерлердің ядросы деңгейінде кодты қашықтықтан орындай алатын EternalRomance атымен белгілі құралды өз қажеттіліктеріне бейімдей алған.

Жалпы, Facebook, Twitter, LinkedIn әлеуметтік желілерінің және Github қызметінің 1,2 млрд пайдаланушылары осындай шабуылдан зардап шеккен. Ашық деректерде  622 млн электрондық пошта мекен-жайы, 50 млн телефон нөмірі шабуылға ұшырағаны туралы айтылады. Wired ресурсының мәліметтері бойынша, деректер қоры банктік карталар, әлеуметтік сақтандыру нөмірлері туралы ақпаратты қамтымаған, сондай-ақ онда аккаунттардан құпия сөздері болмаған.

 

Ақпарат https://mobile.mt5.com/ru/photonews/11793 сайтынан алынған.

Аударған: Бекзат Болатұлы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы