35 лекция өткізген Қытай дәрігерлері еліне қайтты

2243
Adyrna.kz Telegram

Еліміздің ІІМ өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстанға келген Қытай дәрігерлері елдеріне қайтты. Оларды Қытайға Қазақстанның әскери ұшақтары жеткізіп салған.

Еске салайық, бұдан бұрын Қытай елінен 10 дәрігер Қазақстанға 45 күнге келген. Осы уақыт аралығында олар медициналық нысандарды аралап, түрлі семинарлар, тренингтер өткізді. Коронавирус инфекциясымен күрес жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Шараларға әскери дәрігерлер да қатысты. Олар қазіргі уақытта коронавируспен күресуде үлкен күш болып, қызмет жасап жатыр.

Қытайлықтар 15 күн ішінде 44 онлайн және оффлайн конференция, 35 лекция және тренинг өткізіп, 10 790 адамды оқытқан, 500-ден аса сұраққа жауап берген.

Қазір Қазақстанда медицина қызметкерлері жаппай инфекция жұқтыруда.  Қытай дәрігерлері бұған алаңдаушылық білдірген.

Еске салайық, коронавирусты емдеуде Қазақстан дәрігерлеріне консультациялық және практикалық қолғабыс көрсету және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында 2020 жылғы 9 сәуірде Қытай Халық Республикасынан Нұр-Сұлтанға арнайы бортпен Қытай дәрігерлер тобы келген болатын. Бұл топ коронавирустық инфекцияның алдын алу және оны емдеу бойынша бай тәжірибесі бар жоғары білікті медициналық қызметкерлерден құралған. Аталмыш рейспен медициналық қорғау заттары түрінде салмағы 4 тоннадан астам Қытай Халық Республикасы Үкіметінің гуманитарлық жүгі жеткізілді (өкпені жасанды желдету аппараттары, хирургиялық бетперделер, қорғау костюмдері). Жалпы, Қазақстан мен Қытайдың коронавирус індетімен күрестегі ынтымақтастығы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ҚХР Президенті Си Цзиньпенмен (24 наурыз) телефонмен сөйлесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар аясында белсенді түрде іске асырылды.

Zhasalash.kz

Пікірлер