Ақмола облысында 8,7 млрд.теңге болатын 57 жоба мақұлданды

2587
Adyrna.kz Telegram

«Бүгiнгi таңда, Ақмола облысында «қарапайым заттар экономикасының» портфелi 35,7 млрд.теңгеге өңдеу өнеркәсiбiнiң, АӨК саласының 78 жобасынан тұрады, оның iшiнде 8,7 млрд.теңге сомасына 57 жоба мақұлданды. Ол туралы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев әкiмдiктiң отырысында баяндады» — деп хабарлайды Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi.

Ағымдағы жылы индустрияландыру бағдарламасы бойынша 826 тұрақты жұмыс орнын ашу арқылы 64 млрд.теңге сомасына 12 жобаны iске қосу жоспарлануда.

Кәсiпкерлердiң iскери белсендiлiгiн қолдау үшiн, «Бизнестiң жол картасы 2025» бағдарламасының шеңберiнде 4,7 млрд. теңге бөлiндi (2019 жылы — 2,1 млрд. теңге).

4 млрд.теңге кредит сомасына 45 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды, 299,3 млн. теңге сомасына субсидия төлендi, 86,8 млн.теңгеге 15 кредит кепiлдендiрiлдi.

«Аграрлық кредиттiк корпорация» АҚ қарауында 285 млн.теңге сомасына 6 жоба бар, жобалық офистiң жұмысында — 26,7 млрд.теңгеге 15 жоба.

Ағымдағы жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша негiзгi капиталға инвестициялар 1,9 есеге ұлғайып, 75 млрд.теңгенi құрады, алайда 5 ауданда — Жарқайың, Аршалы, Атбасар, Егiндiкөл және Шортанды аудандарында инвестицияның төмендеуi атап өтiлдi.

Өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне, облыстық басқармалардың басшыларына ИИДМБ шеңберiнде инвестициялық жобалардың орындалуы мен iске асырылуын бақылау; өндiрiс өсiмiнiң қарқынын сақтау; ШОБ жұмыс iстейтiн субъектiлерiнiң санын арттыру; өңдеу кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттарының жүктелуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi туралы атап өттi.

«Құрылыс жұмыстары көлемдерiнiң оң серпiнiн, тұрғын үйлердi уақытында пайдалануға берудi, сондай-ақ көктемгi-дала жұмыстарын сапалы жүргiзудi, әртараптандыру шеңберiнде алқаптарды ұлғайтуды және мал шаруашылығын дамыту көрсеткiштерiн орындауды қамтамасыз ету бойынша шара қолдануды тапсырамын», — деп атап өттi Ермек Маржықпаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер