Карантин қарсаңындағы «қашықтықтан оқыту»үдерісі

3102
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі күнге "әлемді алаңдатқан сындарлы сәттер" деп баға берер едік. Бұған себеп, тілсіз жау, алапат кесел, жарасына дауа табылмас, жар астынан лап қойған дұшпандай пайда болған - коронавирус. Коронавирустың кенеттен жасаған келеңсіздігі әлем жұртшылығын қиындыққа душар етті. Тіпті әлемнің озық ғалымдары да коронавирустың қайдан шыққанын, қайдан келгенін, оған шалдыққан адамның қалай жазылып шығатыны туралы кесіп ештеңе айта алмады. Әлем елдеріне ғана емес, бұл дерт көк байрақты, түбі түрік қазақ даласына да енгенін өзегімізді от қарыса да, мойындаймыз. Тұтқыйылдан келген коронавирустың алдын алу шарасы ретінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза төтенше жағдай жариялады. Коронавирусты бұғаттаудың жолы - "карантин" деді.

Коронавирус деген қызыл оттың бір ұшқыны білім саласына да кеселін тигізді. "Үйде болыңдар!",- деп үн қатқан соң, шәкірт біткен үйіне қайтты. Дегенмен, білім алуды жалғастыру басты парызы екенін ұмытпады. "Қашықтықтан оқыту үдерісіне көшеміз"- деген ұсыныс айтты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Карантин уақытында бұл оң, әрі тиімді шешім болды. Ұстаздар шәкіртін білім нәрімен сусындатуын жалғастырды, ал шәкірт білім алуын жалғастырып, санасын жетілдірді. "Оқу- инемен құдық қазғандай",- дейді. Білімнің басы бейнет болса да, айағы зейнет, қашықтықтан білім алу осындай қиын-қыстау кездегі оңтайлы шешім деп білемін. 21 ғасырдың талабына сай озық технологиялардың пайдасы осынау ауыр шаққа, білімнің тұралап қалуына жол бермеді. Бұл карантин білім саласының кез келген жағдайға дайын екенін көрсетіп берді. Қорытындылай келе "Білім алу үшін кез-келген әдіс тиімді". Осынау қиындыққа толы өтпелі кезеңді де білімнің туын құлатпай еңсерейік!

Әл-фараби ат. ҚазҰУ оқытушысы:А.С.Аушенова                                  "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер