Мақтааралдың тағы бір ауылын су басты

3992
Adyrna.kz Telegram

Мақтаарал ауданында енді Өргебас елдімекенін су басты. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлайды.

аталған хабарламада: «Бүгін таңғы 05.00-тен бастап 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де су Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ» делінген.

Төтенше жағдай жарияланған Мақтаарал ауданында су деңгейі қазірше төмендейтін түрі жоқ. Керісінше, су басқан ауылдар саны көбейіп барады.

Бастапқыда төрт елдімекеннің халқы қауіпсіз жерге көшірілсе, түнде аудан орталығынан 12 мыңдай адам эвакуацияланған.

 

Фото: интернет желісінен

 

Пікірлер