11 мамырда Қазақстандағы төтенше жағдай алынып тасталады

11823
Adyrna.kz Telegram

Егер жағдай нашарламаса, 11 мамырда Қазақстандағы төтенше жағдай алынып тасталады. Алайда, карантин режиміне қатысты шаралар жалғасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Адырна" Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Біздің азаматтар біртіндеп қалыпты өмірге оралады деп үміттенемін. Бізде ұзақ мерзімді стратегиялық даму жолы бар», - деді Тоқаев.

Президент экономикалық дамуды қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру қажеттігін атап өтті.

«Мен болашақтағы бірқатар міндеттерге назар аударғым келеді. Бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін жаңа бастамалар жасау керек. Қазіргі заманғы ауруханалар салу және оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету өте маңызды. Осыдан бастап біз медицина ғылымының дамуына ерекше назар аударуымыз керек. Кәсіби мамандарға лайықты жағдай жасап, нақты қолдау көрсетіп, білім мен ғылымды толығымен модернизациялағанымыз жөн. Ол озық технологиялар мен цифрландыру. Бұл басты міндеттердің бірі », - деді ол.

Сонымен қатар ұлт бәсекеге қабілетті болуы керек. Ол үшін адами капиталды дамыту қажет. Сондай-ақ республиканың бизнес әлеуетін арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау маңызды. Ұлттық экономиканы әртараптандырумен шұғылдану. Импортқа тәуелді болмас үшін отандық өндірісті мүмкіндігінше жандандыру қажет" деді президент.

Пікірлер