ЖАНСАЯ МУСИНА: Өтей ме, "өзағамыз" шығындарын?

2744
Adyrna.kz Telegram

Ардақты ҚАСЫМЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ!
Бұл елде адамсыз ғой менен ірі.
Аяқтай апат келген жерге барып,
Көрмейсіз көзіңізбен неге мұны?

Сүйген құл болғаннан соң сыналасың,
Ақ үйден демеу күтіп тұр Алашым.
Құнын бер құлап қалған шаңырақтың,
Рухтары жігіттердің құламасын.
Қазақтын аналары жыламасын!

Өзің бар, аға, тездеп амалдаңдар!
Халыққа керек емес шабармандар.
Тілсіз жау - судан қашып тентіреп жүр,
Кешегі у-дан қашып қамалғандар.

Мал да жоқ, енді өмірін сүрмек немен?
Топанда қалды мүлкі тірнектеген.
Ауылын қарайлайды азаматтар,
Далада бала жатыр дірдектеген...

Халқымның шырылдатып шыбын жанын,
Байқаусыз қылдық деген мұның бәрін,
Көкейде бір сұрақ бар өз бетімен
Өтей ме "өзағамыз" шығындарын?

Басылмай Мақтаралда ағын күші,
Пенденің бола алмаспын сабырлысы,
Ордалы оңтүстіктен Ақжайыққа,
Жетсе екен жаңалықтың жағымдысы...

Пікірлер