Самалы жұпар, жазғы бір кеште (Видео)

607

Осыдан 84 жыл бұрын, яғни, 1936 жылы 6 мамырда жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ілия ЖАҚАНОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған.

Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 78 жасында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлкеттік университетіне түсіп, суретші мамандығын меңгеріп шыққан.

1959-1963 жылдары - «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімнің меңгерушісі. 1963-1984 жылдары - Қазақстан теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы. 1984 жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысады.

Алғаш рет оқырмандарына «Қайта оралған ән», «Хош бол, вальс» кітаптары арқылы танылған. Қазақтың ұлы күйші, қобызшысы Ықылас туралы романы «Кертологоо» деген атпен алғаш рет қырғыз тілінде, кейін «Ықылас» деген атпен қазақ тілінде жарық көрді. Оның қазақ өнері қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл» атты деректі жинақтары, сондай-ақ «Қарабура» тарихи-танымдық шығармалары, «Әселім әнім», «Даниярдың әні», «Еділ мен Жайық», т.б. халық арасына кеңінен танылған әндері бар. Қырғыз жазушысы Т.Қасымбековтың «Сынған қылыш» дилогиясын қазақ тіліне аударған.

«Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ» т.б. сал-серілер ғұмырнамалары, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Б.Байқадамов, Қ.Мусиндердің шығармашылық портреттерін сомдаған туындылары мен «Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музыка» атты деректі фильмдері бар.

“Әселім әнім”, “Даниярдың әні”, “Еділ мен Жайық” сияқты халық арасында кең таралған 200-ге тарта әндердің авторы.

 

Пікірлер