ҚАНАТ ТІЛЕУХАН: 9 мамыр Германия жеңіске жеткен күн

550

Тарихшылардың есебінше екінші дүниежүзілік соғыста КСРО 27 млн әскерінен айрылған. (Олардың көбі совет командирлерінің дарынсыздығы мен қатыгездігінен өлген) Германияның 6-7 млн офицерлер мен жауынгерлері оққа ұшты. КСРО-ның соғыстағы шығыны 128 млрд АҚШ доллары болса, Германия 48 млрд АҚШ долларын жұмсады.
Соғыста КСРО-ның 1 710 мың қаласы мен кенті, 70 мыңнан аса деревнясы бомбының астында қалды. Ал Германияда мүлдем бір оқ атылмаған Гото, Фленсбург Грайфсвальд сынды қалалары бар.
Бұл соғыстағы Германияның ең ұлы жеңісі неміс халқы фашист Гитлерлерден құтылды. Және оның утопиялық режимі өзімен бірге келмеске кетті. 1949 жылы билікке Ко́нрад Герман Иозеф Адена́уэр сынды ұлы қайраткер келіп, бар-жоғы 20 жылда Германияны аяғынан тік тұрғызды. Халқы оны 87 жасқа дейін биліктен жібермей қойды.
Ал КСРО Сталиннің басқаруында Балтық және Шығыс еуропа елдерін жаныштай берді. Аз ұлттар Гитлерден құтылғанымен Сталиннің тоқпағының астында қалды. Коммунисттер неміс тұтқынында болған өз солдаттарын Сібірге айдады. 1953 жылы Сталин өлгенімен советтік режим 1991 жылға дейін репрессияны тоқтатпады.
Қазір Германия өмір сүру деңгей ең жоғары елдердің қатарында. 2020 жылы топ-10 мемлекеттің ішінде 4 орында тұр. Өздерін КСРО-ның мұрагеріміз деп есептейтін Ресейдің қандай батпақта отырғаны баршаға аян.

Пікірлер
Редакция таңдауы