Су басқан мақтааралдықтарға нақты қандай көмек көрсетіледі?

843

1. Ауылын су басқан 6127 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Мұнда қазіргі есеп бойынша 845 отбасы бар. Егер бір отбасыда 5 адам болса 500 мың теңге алады.

2. А. Усмановтың қоры аудан бойынша эвакуацияға ұшыраған тұрғындарға 5,2 млн $ аударды. Бұл 2,3 млрд теңге 30 420 адамды қамтитын 5202 отбасының әрқайсына 1000 АҚШ долларынан үлестіріледі.

3. Мемлекет әрбірі 100 шаршы метрді құрайтын 1030 үйді жаңадан тұрғызып береді. Бұдан бөлек орташа бүлінген баспаналарға жөндеу жүргізеді. Ескі үйлері тұрған жер телімдері тұрғындардың өздеріне қалады.

4. Бүгінгі есеп бойынша 7,7 мың гектар алқапта егістік бүлінген. Онда егілген бақшалықтың түрлері мен шығындары есептелуде. Бұл да толық төленеді.

5. Суда қалып өлген мал түгелденуде. Оның да құны нарық бағасына сай өтеледі.

6. Гуманитарлық көмектер толығымен көрсетіледі.

©️ Бейсен Тәжібаев

Пікірлер
Редакция таңдауы