Айжан Есмағамбетова: Біздің қуанатындай жөніміз бар

2779
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустан жазылған қазақстандықтардың саны 2000-нан асты. Мұны бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте айтты.

"Біздің қуанатындай жөніміз бар. Айыққан науқастардың саны күн санап артып келеді. Бүгінде аурудан айыққандардың саны 2000-ға жетті. Жалпы, бүгінгі күнді қосып алғанда, бұл көрсеткіш 2074 адамға жетті. Соңғы бірнеше күннен бері сауыққан адамдар саны тіркелген жағдайлардың санынан асып жатқанына назар аударғым келеді. Бұл - біз үшін өте жақсы көрсеткіш, бұл эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді. Әрине, бұл - карантиндік шаралар мен төтенше жағдайдың нәтижесі, соның тиімділігінің дәлелі", - деді деді Есмағамбетова.

Бас санитардың айтуынша, бүгін коронавирустан жазылған 115 адам ауруханадан шығарылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер