Қырғыз депутаты Алматы әуежайының жекеменшікке берілуін үлгі етті

2597
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның Жоғарғы Қеңеш депутаты Эмиль Токтошев әуежайларды жекеменшік компанияға беру туралы бастама көтерді. Ол Алматы мен Тбилисиді үлгі етіп, әуежайды  жеке қолға беру анағұрлым пайдалы болатынын  жеткізді.

Премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазив мұндай жобаны мекемеаралық комиссия дайындап жатқанын айтты.

"Әуежайды дамытатын жақсы компания тауып беретін халықаралық әріптес таңдаймыз. Біз әуежайды тәжірибесі мол компанияға ғана сеніп тапсырып, оған экономикаға үлес қосу, жергілікті халықты жұмыспен қамту туралы талап қоямыз. Әуежайларды дамытып, жолаушы тасымалын арттыру керек. Комиссия алты ай жұмыс істеді, мамырда сіздерге жобаны таныстырамыз", - деді Абылгазиев.

Еске сала кетсек, Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алды. 12 мамырда Алматыға сапарлаған Тоқаев аталған  әуежайдың қайта жөндеу жоспарымен танысты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер