Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 201-ге жетті

2193
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында бүгін коронавирустың 10 жағдайы тіркелді, олардың 6-уы – Талдықорған қаласында, 2-еуі – Кеген, 2-еуі Талғар аудандарында анықталған.

Барлық 10 пациент те белсенді анықталған, оның 8-і - бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болғандар, ал 2-еуінің сырқаты медициналық көмекке жүгіну барысында белгілі болған. ПЦР-талдауының нәтижесі бойынша пациенттердің COVID-19 жұқтырғаны расталды.

Сырқаттары анықталғанға дейін-ақ оқшауландырылған пациенттер қазір жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Науқастармен байланыста болғандар анықталу үстінде, олар да оқшауландырылып, КВИ-ге зертханалық тексеруден өткізіледі. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда.

16 мамырдағы жағдай бойынша, Алматы облысында КВИ жұқтырғандар саны 201-ге жетті.

Айта кетсек, Кеше Алматы облысында 5 адам коронавирустан жазылып шықты. Олардың алды 48 жаста болса, ең кішісі - 1 жасар сəби.

 

Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі 

Пікірлер