Бұрынғы әкім Болат Бақауовтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

616
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Павлодар облыстық сот хабарлады.

Павлодар облыстық соты таратқан мәліметке қарағанда, бұрынғы әкімнің үйқамақ мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылған. Бұрынғы шенеунікті үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінімді сотқа дейінгі тергеу органы 6 мамырда түсірген. Соған сәйкес, Бақауовтың үйқамақ мерзімі 10 мамырда аяқталуға тиіс болған.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен 16 қаңтарда ұсталып, үйқамаққа түскен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы