Атақты Ла Крус кіммен болса да жұдырықтасуға дайын (Видео)

1783

Әлемнің төрт дүркін  чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медал иегері кубалық Хулио Сесар ла Крус кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы AIBA Instagram желісінде жазған болатын.

"Атағы маңызды емес. Рингтегі өз деңгейімді тексеру үшін үнемі мықтылармен ғана айқасқым келеді", - дейді Ла Крус.

Әуесқой бокс тарихында, біздің Әділбек Ниязымбетовтың оң жамбасына бір келмей кеткен осынау атақты боксшының есімі алтын әріптермен жазылары сөзсіз.

Ал, оның жоғарыдағы сөзі жайлы: "Бұл сөзімен әйгілі кубалық 21 жастағы Бекзат Нұрдәулетовпен қарымтаны меңзеген болу керек. Ресейде өткен әлем чемпионатында қазақ боксшы Олимпиада чемпионын жеңіп, сенсация жасаған. Жартылай финалда Нұрдәулетов кубалықты нокдаунға түсіріп, кейін 81 келі салмақта алтынды да жеңіп алған болатын", деп болжайды vesti.kz.

Не болса да, Уханнан тараған вирустан зардап шеккен әлем есін жинап, ғаламдық карантин тәртібі алынар болса алдағы жыл спорт жанкүйерлері үшін қызықты да тартымды болмақ.

 

 

Ұларбек Дәлейұлы

Фото: интернет желісінен

 

 

Пікірлер