Трамп: ДДСҰ Қытай "қуыршағы" болып отыр

3293
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ВОЗ) өз кемшілігін түзетіп, жұмысын жақсарту үшін 30 күн рұқсат беретінін айтты.

 Егер олай етпесе, Трамп Құрама Штаттардың ДДСҰ-ға мүше болуын қайта қарап, қаржыландыруды мүлдем тоқтататынын жеткізді. Бұл жөнінде АҚШ президенті ДДСҰ басшысына жазған хатында айтқан. Ол оны твиттер парақшасына жариялады.

Оның сөзінше, ДДСҰ алдындағы жалғыз жол — Қытайдан толық тәуелсіз болу. Трамп осының алдында мәлімдегендей, қазір ДДСҰ Қытай "қуыршағы" болып отыр.

Вашингтон Бейжің эпидемияның тез жайылатынын жасырып келді деп санайды. Америка билігінің пікірінше, ДДСҰ Қытай мәліметіне көз жұмып сенген, бірақ қауіптің өте қатерлі болатынын бағаламаған.

Еуропалық одақ елдері мен Аустралия да коронавирустың пайда болуын жіті зерттеуді талап етіп жатыр. Бұл ұсынысты әлемнің 122 елі қолдады, оның ішінде Ұлыбритания мен Ресей де бар.

centralasian.org

 

Пікірлер