Соңғы аптада коронавирустың неге көбейгені белгілі болды

2367

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6969 адамға жетті. Бас санитар А.Есмағамбетова  соңғы аптадағы вирус жұқтырудың қарқыны 15 пайызға өскенін айтты. Оның мынадай  өзіндік себептерін келтірді:

Бірінші, тестілеу көлемінің өсуі. Наурыз айымен салыстырғанда күнделікті тестілеу саны 6 мыңнан 23 мыңға көбейген. Яғни, адамдарды тексеру жұмысының артуымен байланысты.

Екінші, жұмыс орындарында қызметкерлердің вирусты жаппай жұқтыруы. Мұнда санитарлық талаптардың сақталмауынан.

Үшінші себебі – науқастардың медициналық көмекке өздерінің жүгінуі.

"Соңғы күндері коронавирус симптомдары бар науқастардың көбісі дәрігерлерге өздері жүгінген. Бір апта ішінде олардың саны 40 пайызға артқан. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының тұрғындары медициналық көмекке өздері жүгінген", - деді бас дәрігер.

Айта кетейік, Айжан Есмағамбетова жаңа қызметке келгелі мәліметтерін орыс тілінде беріп, журналистер тарапынан сынға ұшырап келе жатыр. Бас санитар бұл сыннан нәтиже шығаруға асығар емес.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы