Карантинде атағы шыққан прокурор жұмысынан қуылды

4572
Adyrna.kz Telegram

Карантин кезінде моншада түскен видеосы тарап кетіп, бүкіл елге танымал болған Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев прокуратура органдарынан қуылды. Бұл туралы "Адырна" Михаил Козачковтың телеграмынына сілтеме жасап хабарлайды.

Прокурордың сол моншадағы досы яғни, моншаға бірге түскен Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітовтің тағдыры жақын арада Жоғарғы сот кеңесінде шешіледі. Тексеру нәтижелері Жоғарғы сот кеңесіне түскен.

 

Пікірлер