Агроөнеркәсіптік кешенге 70 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді

2471
Adyrna.kz Telegram

Егістік науқанына деп Агроөнеркәсіптік кешенге 70 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге сомасында бюджеттік несие бөлінді. Қаржы толығымен республикамыздың 2,4 мың ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне берілді және көктемгі дала жұмыстарына бағытталды", - деді Сапархан Омаров.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 100 миллиард теңге бөлінгенін еске салды.

26 мамырдағы жағдай бойынша 19,1 млрд теңгеге 331 өтінім қабылданды.

"Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу тәсілімен жүзеге асыру жұмыстары басталды. 24,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бидай, арпа, майлы дақылдар және қарақұмық сатып алынады. Қазіргі уақытта 21,5 миллиард теңгеге өтінімдер қабылданды. Кепілдіктер екінші деңгейдегі банктер үшін де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін де кепіл ретінде қабылданады", - деп сөзін толықтырды министр.

Оның айтуынша, көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау үшін жоспарланған жұмыстарды оңтайлы ауылшаруашылық жағдайында аяқтаудың алғышарттарын қамтамасыз ететін барлық қолда бар ресурстар мен құралдар пайдаланылады.

Қаражат толықтай ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне аударылды.

Пікірлер