Дулат Ағаділге қатысты тергеу қорытындысы жарияланды

4044
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағаділ қаладан шықпау туралы қолхаттың ережесін бұзып, тергеу органдарынан қашып, оған іздеу жарияланды. Осыған байланысты сот оған қатысты қамауға алу туралы шешім шығарды. Тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен мамандардан және жоғары дәрежелі кардиологтардан құралған комиссия өлімнің мән-жайы мен себебін мұқият зерттеді", - делінген хабарламада.

"Ағаділдің өліміне оған қойылған асқынған миокард инфаркты диагнозы себеп болды. Нәтижесінде қан ұйығыштығы бұзылып, сол жақ жүрек қарыншасында қан жеткіліксіздігі байқалған. Сарапшылар Ағаділдің денесінен жарақаттар анықтамады. Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділге қатысты іс қылмыстық ережебұзушылық болмағандықтан тоқтатылды", - деді прокуратурадағылар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дулат Ағаділдің қайтыс болғандығы жөнінде хабарланып, оған ақындарымыз жоқтау арнаған еді.

Пікірлер