"Ұлым полиция қызметінен шығарылмаған" - екі полицейдің ажалына себепші болған А.Азаматовтың әкесі

6081
Adyrna.kz Telegram

Екі полицейді  қағып өлтірген Азат Азаматовтың әкесі Талған Мұқашев  қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Ол  "31 арнаға" берген  сұхбатында ұлы жол апаты болған кезде полицияда қызмет етіп жүргенін айтты. Оған қоса мамыр айында аға лейтенант шенін алған.

"Олар ақылға сыймайтын мәліметтерді айтып жатыр. Ол жұмысын дұрыс атқармаса, оған не үшін алғыс хат беріп, аға лейтенант шенін береді? Ұлымды нашар жұмыс істеді, алқаш деп айыптап жатыр. Оған осындай айыптар тағылып жатса, басшылық қайда қарады? Ішетін адамға неге ішкі істер органдарында жұмыс істеуге рұқсат береді?", - дейді полицейдің әкесі.

Әкесінің айтуынша, ұлы соңғы уақытта қатты шаршап жүрген екен. Себебі ұзақ уақыт бойы демалыссыз жұмыс істейтін көрінеді. Азат қайғылы оқиға болатын күні рөлде отырып ұйықтап қалған болуы мүмкін дейді. Сонымен қатар әріптестерін қасақана қағып кетті дегенге сенбейтінін айтты:

"Коронавирус басталғаннан бері  мүлде демалған жоқ. 18-19 күн жұмыс істеді. Жол апаты таңғы 5-те болған, сол уақытта ұйықтап қалған болуы мүмкін деп ойлаймын. Адам демалмай жұмыс істесе, рөлде отырып ұйықтап қалуы мүмкін. Иә, ол заң бойынша жол апаты үшін жауап беруі керек. Бірақ мен оның әріптестерін қасақана қағып өлтірді дегенге сенбеймін."

                                                                              Тенгрнеус

Пікірлер