Ресми жауап: Нефедова ханымның пәтері жекешелендірілмеген

851

Бүгін "Адырна" ұлттық порталында  «Нефедова ханым пәтерін неше теңгеге жекешелендірді?» атты мақала жарияланған. Екібастұз қаласының баспасөз қызметі бұл сынға жауап берді. 

Терістеме

2020 жылғы 3 маусым күні Асуан Тайжан авторлығымен шыққан «Нефедова ханым пәтерін неше теңгеге жекешелендірді?»атты жарияланымда Н.В.Нефедованың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне кір
келтіретін әрі дәйексіз ақпарат берілген. «БАҚ туралы» ҚР Заңының 19 бабына, сонымен қатар ҚР ҚК 13 бабына
сәйкес, төмендегідей терістемені жариялауыңызды сұраймыз: Қала әкімінің орынбасары Н.В.Нефедова шынымен де Қ.Сәтбаев ат. ЕИТИ-да қосымша жұмыс жүргізеді. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы»ҚР Заңының 13 б. 1 т. 2 т. сәйкес, мемлекеттік қызметші төленетін педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы. Сол себепті де, оның аталған жоғарғы оқу орнындағы жұмысы қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтінін жеткіземіз. Бұған қоса, ғылыми дәрежесі бар Н.В.Нефедова РhD докторы болып табылып, студенттерге қашықтықтан білім беру технологияларын қолданумен 8 сағат дәріс береді. Тұрғын үй сұрағына қатысты. Н.В.Нефедова осы қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар қаласында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы лауазымында болған. Қызмет бабымен Екібастұз қаласына көшіп келуіне байланысты, 28.08.19ж. №29 Жалдау шартына
сәйкес, Н.В.Нефедоваға мемлекеттік қызметтік тұрғын үй қорынан пәтер берілді. Бұл пәтер болса, жекешелендірілмеген.
Қала әкімінің орынбасары қызметіндегі екі жылы ішінде Н.В.Нефедованың еңбекке жарамсыздық парағы да жоқ, тәртіптік жазаға да тартылмаған. Әлеуметтік салаға тиесілі Екібастұз өңіріндегі барлық жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, терістемені жариялауыңызды сұраймыз. Терістемені жариялаудан бас тартылса, Н.В.Нефедова заңды мүддесін қорғау үшін сотқа және ҚР құқыққорғау органдарына хабарласу құқығын өзіне қалдырады.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакциядан: "Адырна" ұлттық порталы  кез-келген  сыни мақаланың екінші тарабын шығаруға әзір екенін ескертеді.

Пікірлер
Редакция таңдауы