Алматы облысына карантин қайта оралды

5998
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында сауда үйлері қайтадан жабылуда. Қоғамдық шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады. Қоғамдық көліктер тек таңертең және кешке жүреді.

«Жетісу» ТРК-нің хабарлауынша, облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов бұл қажетті шара екенін айтты. Облыста ауру деңгейінің өсуі әлі де байқалуда.

Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 400-ден асады. Соңғы бір аптаның ішінде ауру көрсеткіші 4,5 пайызға дейін өсті. Карантин ашылғанға дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайызды құрады. Жағдай азаматтардың санитарлық нормаларды сақтамауы салдарынан нашарлады.

"Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ретінде мені карантин режимін күшейтуге мәжбүр етеді. Яғни, аудандар мен қалалар арасындағы санитарлық посттарды қайтару, жекелеген нысандар мен сауда үйлерінің жұмысына тыйым салу. Қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеулі болады, себебі, ондағы адамдар маска режимін сақтамайды. Бассейндер мен субұрқақтарды жабамыз. Сондай-ақ, вирус тасымалының қаупіне байланысты Қапшағай су қоймасының жағасындағы демалыс орындарын ашуды тоқтата тұру жоспарлануда, - деді Қайрат Баймұхамбетов.

Қазір қалалық және аудандық мобильді топтардың жұмысын тексеретін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, облыс әкімдігі мен прокуратурасының өкілдерінен, сондай-ақ полиция бөлімінен бірлескен мобильді топ құрылуда.

Заң бұзушылықтар үшін айыппұл салынады. 5-тен 500 АЕК-ке дейінгі сомада.

Пікірлер