Нәсілшілдікке қарсы шерулер Еуропада да жалғасуда

2597
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та басталған нәсілшілдікке қарсы шерулер әлемнің бірнеше елінде жалғасуда. Бүгін мыңдаған белсенділер Еуропа мен Американың ондаған қаласында наразылық акцияларына шықты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы bbc.com – ға сілтеме жасап.

 

Ұлыбританиядағы шерулер Лондон, Манчестер, Кардифф және басқа қалаларда өтті. Лондонда демонстранттар тізе бүгіп: «Әділдік жоқ, бейбітшілік жоқ!» - деп ұрандатты.Үкімет пандемияға байланысты жиналмауға нұсқау бергеніне қарамастан , адамдар шеруге шығуда.

 

Соңғы мәліметтер бойынша, наразылық акциялары кезінде 23 полиция қызметкері жарақат алған.

 

Лондондағы демонстранттар бетперде мен қолғап киіп шықты. Кейбіреулер «COVID-19-дан да қауіпті вирус бар және оны нәсілшілдік деп атайды» деген плакаттар алып жүрді.

Солтүстік Ирландия полициясы көптеген адамдарға айыппұл салды, өйткені адамдарға жиналуға тыйым салынған .

 

Таңертең мыңдаған австралиялықтар «Қаралардың өмірі маңызды» деген ұранмен митингке шықты. Сонымен қатар шараға қатысушылар австралиялық аборигендер қоғамындағы теңсіздікті де атап өтті.

 

Вашингтонда мыңдаған адам нәсілшілдік пен полицияның зорлық-зомбылығына наразылық білдіріп, тағы да көшеге шықты. Демонстрациялар Капитолий төбесі мен Ақ үйдің жанында өтті. АҚШ-тағы наразылық акциялары 12 күн бойы жалғасып жатыр.

 

Сенбіде Канаданың Торонто қаласында бірнеше мың адам көшеге шықты. Жергілікті полиция барлық демонстрациялар бейбіт түрде өтіп жатыр деп хабарлады.

 

Ал Франциядағы наразылық  акцияларына  20 мыңнан астам демонстрант қатысты. Бүгін Лилль қалалық полициясы наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газды қолданды .

 

Әлемде болып жатырған бұл наразылық акциялары АҚШ-тағы қара нәсілді күзетшінің полицей қолынан қаза табуына байланысты басталған болатын.

Пікірлер