Полицияны ұрған (видео)

5929

Павлодар облысы Полиция департаменті полиция қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісіне түсініктеме берді

Тергеу барысында анықталғаны – 6 маусым күні сағат 19:45 шамасында К. есімді азаматтың орта ауыр дәрежедегі мас күйде Павлодар қаласы Лермонтов көшесі 96 үйдің ауласында қаланы көріктендіру ережесін бұзғаны, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Құқық бұзушы 1989 жылы туған, бұрын тонау қылмысын жасағаны үшін сотталған. Учаскелік полиция инспекторы Р.Төкебаев өзінің әкімшілік учаскесінде патрулдеу кезінде аталған факті бойынша хабарламаны сол үйдің тұрғындарынан алған.
Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы Р.Төкебаев К. есімді азаматқа әкімшілік заңнаманы бұзғаны туралы ескерту жасаған. Ол болса Р.Төкебаевқа  полиция қызметкерінің атын қорлайтын дөрекі сөздермен  жауап берген. Инспектордың тарапынан айтылған құқыққа қайшы әрекетті тоқтату туралы ескертуге қарамастан, ер адам дөрекі сөздерді тоқтатпай, билік өкілін итеріп, күш көрсетуге итермелеген.
Полиция инспекторы қолданыстағы заңнамаға сәйкес белсенді қысым жасайтын кедергіге байланысты арнайы құралды қолдануға құқылы. Алайда К. есімді азаматтың  қолында жас бала болғандықтан, инспектор қорғаныс сипатындағы әрекетпен шектелген.
Бірақ құқық бұзушы оған тоқтамай, полиция қызметкерін қолмен, аяқпен соққылаған. Жанжал барысында азамат К құқыққа қайшы әрекетімен полиция капитаны Р. Төкебаевқа әртүрлі дене жарақатын келтірген.
Оқиға орнына келген полиция наряды күдіктіні ұстап, Павлодар қаласы ПБ УҰИ-на қамады, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы ҚР 380-бабы 2-бөліміне қайта ауыстырылды (билік өкілінің өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолдану).

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы