Оралда белгісіз біреу әйелді моторлы қайықпен өлтірді

4026
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/oral.jpg
Төтенше жағдай 6 маусым күні сағат 22:15-те Шаған өзенінде болды деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы mgorod.kz-ке сілтеме жасап . БҚО полиция бөлімінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков әйелдің қайтыс болғанын хабарлады. «Белгісіз біреу 6 маусым күні сағат 22:15-те  моторлы қайықпен  суға шомылып жатқан 1979 жылғы азаматшаны  қағып кетті.  Әйел дене жарақатынан қайтыс болды», - деді баспасөз хатшасы . Сүңгуірлер төтенше жағдай орын алған жерде жұмыс істеп, әйелдің денесін іздеу үстінде. Қылмыскер әлі күнге дейін полицияға ұсталмады . Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі  «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр .

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии