Алматы блок-бекетіндегі оқиға: Үшінші полиция есін жинады

2727
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 25 мамыр күні таңғы бестен өте  BMW көлігінің жүргізушісі патрулдік көлікке соғып, ішіндегі екі полицейдің  қайтыс болғаны белгілі. 

Үшінші полицей Ербұлан Сейдазым ауыр жағдаймен ауруханаға түскен. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері  сол үшінші полицейдің жағдайына қатысты түсініктеме берді.

"Науқастың жағдайы тұрақталды. Қазір есін жиған, сұрақтарға жауап бере алады. Қай жерде екенін, уақыт қанша екенін біледі. Бірақ, басы әлі де ауырады әрі айналады.  Палатада өз бетінше жүріп-тұра алады, - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Мұның алдында 26 жастағы полицей Ербұлан Сейдазымның ауыр жағдайда екені хабарланған еді.

Еске салайық, осы оқиға бойынша  бірнеше деректер ашылып, қылмыскерді әділ жазалауды сұраған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер