Студенттер биылдан бастап электорнды диплом алады

2600
Adyrna.kz Telegram

Елімізде биылдан бастап жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектері электронды диплом алады. Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғайри Facebook желісінде осындай жазба жариялады.

«Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрінде емес, электронды түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Енді дипломның Білім министрлігінде тіркелген-тіркелмегенін онлайн режимде тексеруге болады. Дегенмен дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді», - деді вице-министр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер