Ел қорғау – қасиетті парыз

3744
Adyrna.kz Telegram

Береке-бірлік қашанда адам жанының, руханиятының қалаулысы, қажеттілігі екені белгілі жайт. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қаншалаған мемлекеттер шешімі жоқ тығырықтан шықты, алынбас белестерді алды, талайға үлгі-өнеге болды емеспе?!

Расында, біздің тәуелсіз мемлекет өз алдына ел болып, ес жиып ел атанғаны әлі есте. Елбасымыздың сарабдал саясаты арқасында еліміз ширек ғасыр уақытта талайды таңғалдырып, алыптарды таңдандырды емеспе?! Бүгінде нағыз береке, бірліктің ошағы – ол менің Тәуелсіз Қазақстаным.
Осындай берекелі мемлекеттің әскери оқу ордасы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында оқып жатқаным үлкен мәртебе. Әке-шешенің үмітін ақтап, сертіме себдел түсірмей, отанға қызмет ету елім деген ердің ісі деп білемін. Мен Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1 батальон курсантымын. Батальондағы алғаш атқан таңымнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі қызығы мен шыжығы мол күндер әлі есімде. Взвод командирлерінен бастап, рота командирлері, батальон командирінің төккен терлерінің, есебі жоқ еңбектері – біздің сапқа түрып, ес жиып офицер болудағы асқақ армандарымыздың орындалуымен ақталады деп білемін.
Командир – ол әкең де, анаң да, ағаң да, әпкең де болған, қиында жаныңнан табылатын, қуанышта бірге жұбанатын, бар білгенін үйретіп, жанашырлық танытатын бағамы биік адам.


Батальондағы алғашқы күндерімнен командирлерім қолымнан ұстап жетектеп, саптық адымнан бастап, киім үлгісін ұқыпты ұстау, дене дайындығына жұмылдырып, әскери өмірге алғаш қадам жасатты. Бүгінгі күні оқуымды ойдағыдай аяқтап, бірнеше айдан кейін 2 курс курсанты атанамын. Осындай батальонда оқып жүргенім, бірге оқып жатқан достарымының әскери өмірді таңдап, сол жолда тер төгулері – талай офицерлерді дайындауда үлкен үлес қосқан, көпке үлгі, білікті маман батальон командирім – подполковник Идиришев Әділет Абуғалиұлының, батальон командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары – майор Молдаханов Дулат Сабырұлының, батальон сержанты – 2-сыныпты сержант Иманкулов Талағат Бектұрұлының, рота командирлері капитан Нурниязов Бауыржан, капитан Ахметов Рауан, капитан Сариев Еркебулан, капитан Жакыповтың Әділет, рота командирлерінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасарлары – капитандар Ерболат Айтбаев, капитан Бекжан Қадылов, аға лейтенантар Тасболат Ерғалиев; Нургали Ашимов мырзалардың еңбектері деп айтуға толық негіз бар. Талай уақыт өтседе, ғасырлар артта қалсада командирге шен тағатын – жеке құрам екені бесенеден белгілі, төккен терлерінің жемісі ақтала берсін.
Әскери өмір – береке-бірлікті, тапжылмас тәртіпті, ұқыптылық пен жауапкершілікті талап ететін парасатты жандар ортасы. Ел қорғау, Отан тыныштығын күзету, ер азаматтың  қасиетті парызы.

Мұхамет Нұржанат, 
Құрлық әскерлері Әскери институтының
1 курс курсанты

Пікірлер