Қолды QR-код арқылы қоюға болады

2781
Adyrna.kz Telegram

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін жариялады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігіне сілтеме жасап.

 Министрдің айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеуде. QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер:

  • некені тіркеу
  • баланың тууын тіркеу
  • балабақша кезегіне қою
  • заңды тұлғаны тіркеу
  • салық есебін қабылдау (250 форма)

«Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGovMobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ», - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Осылайша, азамат eGov.kz порталынан қызметтерді алу барысында «QR-code арқылы қол қою» функциясын таңдай алады. Содан соң eGovMobile қосымшасын пайдаланып, мониторда пайда болған кодты сканерлейді.

Осы айдың соңында кейбір қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігі іске асырылады. Алдағы уақытта QR-кодтың көмегімен алуға болатын қызметтердің қатары көбейеді.

«eGovmobile» қосымшасы AppStore және PlayMarket платформаларында бар. Сондай-ақ, аталған мобильді қосымшада сұранысқа көп ие қызметтер мен сервистердің 60 түрі қолжетімді. Азаматтың жеке куәлігі секілді «цифрлық құжаттары» да енгізілген. Мобильді қосымшаны толыққанды пайдалану үшін ЭЦҚ-ның болуы шарт және мобильдік азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.

ЭЦҚ-ны қашықтан алу және мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін  https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp сілтемесіне өтіңіз.

Пікірлер