Коронавирусқа шалдыққан депутат қашықтан жұмыс істеу режимінде болған

3337
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев covid-19 індетін жұқтырған Тілеуханның жағдайына алаңдаушылық білдіріп, халықты карантин шараларын мұқият сақтауға шақырды.

«Белгілі қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық өнерінің майталманы Бекболат Тілеуханға індеттен тезірек сауығып шығуын тілеймін. Барлық азаматтарды дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырамын» деп жазды ол твиттер парақшасында.

Еске сала кетсек, кеше Бекболат Тілеуханның ауырып қалғаны жөнінде хабарланған.

Ал кешкілік КТК арнасынан жаңа деректер хабарланды. Онда Бекболат Тілеуханның коронавируспен ауырғанына 10 күн болғаны, қазірдің өзінде онымен байланыста болған бес адамнан індеттің белгілері анықталған екен. Туыстары мен жанында жүрген көмекшілерінің барлығы тест тапсыруға көшкен. Сондай-ақ, аталған жәйтке байланысты  мәжіліс үйіндегілердің алаңдауына негіз жоқтығы айтылған.

Мәжілістің баспасөз қызметі:

  • Қазір депутат Бекболат Тілеуханнан коронавирус инфекциясы анықталып, ол қажетті емдеу курсын қабылдап жатыр. Депутат осыған дейін қашықтан жұмыс істеу режимінде болған. Бүгінгі таңда депутаттық корпустан да, аппарат қызметкерлерінен де аталған ауру белгілері анықталған жоқ

    "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер