Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың саны 1159-ға жетті

2352
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда өткен тәулікте, яғни 14.06.2020 жылғы мәлімет бойынша 313 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14 мың 809.

Өткен тәулік ішінде еліміздің 313 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 26-сы - Шымкент қаласының тұрғыны.

Қазіргі  науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы  COVID-19" инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 1159-ға жетсе, жазылып шыққандар саны - 478. Өкінішке қарай індеттен 11 адам қайтыс болды.

Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Шымкент

Пікірлер