Журналистер арасында дін мәселесіне арналған байқау жарияланады

3599
Adyrna.kz Telegram

«Social Development Center» Қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында журналистер мен БАҚ арасында дін саласындағы өзекті мәселелер туралы бірнеше номинациялар бойынша үздік материалдарға байқау жарияланады.

Байқаудың мақсаты:

- Қазақстан Республикасының қоғам назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару.

- Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни журналистер арқылы тұрғындарды мемлекеттік саясаттың дін саласындағы әр түрлі бағыттары, қоғамдағы конфессияаралық келісімнің нығайтылуы және сақталуына бағытталған маңызды іс-шаралар жөнінде хабардар ету.

- Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша журналистерге және БАҚ-қа материалдарды қолдау.

 

Байқау номинациялары:

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- Ең үздік телевизия жанры;

- Мерзімді баспасөздегі қазақ тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;

- Мерзімді баспасөздегі орыс тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;

- Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;

- Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;

- Интернет желісіндегі  ең үздік бейнеролик;

- Ең белсенді блогер;

 

Байқау шарттары:

Байқауға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, Алматыда жұмыс істейтін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері, сондай-ақ Алматыда тіркелген сарапшы ғалымдар мен тәуелсіз публицистер қатыса алады

Байқауға қатысу үшін берілген тақырыпқа сәйкес келетін ерекше авторлық жұмыстар қабылданады.

Байқауға кез-келген діни ағымдар мен көзқарастарды насихаттайтын, дінаралық, этносаралық араздықты қоздыратын, діни экстремизм идеяларын және сот шешімі бойынша экстремистік деп танылған, Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың идеяларын насихаттайтын жұмыстар қабылданбайды.

Бір автордан немесе авторлар ұжымынан берілетін жұмыстардың саны шектелмеген.

Бір автор бірнеше номинация бойынша қатыса алады.

Жазбалар екі тілде қабылданады: қазақ және орыс.

Байқау БАҚ-та 2020 жылдың 21 сәуірі мен 1 қазан аралығында жарияланған материалдарды қабылдайды.

Өтініш беру үшін қатысушылар байқау жұмыстарын baiqau2020@gmail.com электронды адресіне жіберулері керек. Өтініште келесі ақпарат болу керек:

1). Автордың аты-жөні, жасы, телефоны, жұмыс орны туралы ақпарат (БАҚ немесе басқа ұйым атауы)

 

2). Pdf немесе word форматындағы материялдың электронды нұсқасы және БАҚ-та жарияланған парақшаға сілтеме

 

3). Хаттың тақырыбында жұмыс номинациялардың қайсысына ұсынылғанын көрсету керек

 

Байқау кезеңдері:

Қатысушылардан материалдарды қабылдау (1 қазанға дейін);

Материялдарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау (2-14 қазан);

Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау (15-30 қазан аралығында).

 

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау:

Байқаудың ұйымдастыру комитеті өткізген жеңімпаздарды 5 адамнан тұратын қазылар алқасы таңдайды. Марапаттау алдында қазылар алқасы жарияланбайды. Әр номинация бойынша жеңімпаздар кем дегенде 100 мың теңге көлемінде бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, 10 ынталандыру сыйлығы бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Қосымша байланыс:

+77022319393 Біржан

+77017559797 Бейбіт

Пікірлер