Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған сауда орны жабылды

2672
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/saқtamaғan874451b4-5391-496e-a39f-b698505ea187.jpg
Әл-Фараби ауданы бойынша құрылған мониторингтік топ бүгін ауданға қарасты Төреқұлов пен Б.Момышұлы көшелерінің бойындағы кәсіпкерлік нысандарға БАҚ өкілдерімен бірге тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, аудан аумағындағы 48 кәсіпкерлік нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 9 хаттама толтырылды. Ал 1 нысан карантин режимін сақтамағаны үшін жабылды. Айта кету керек, сауда орындары Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына құлақ асулары тиіс. Өйтпеген жағдайда жұмыстарын тоқтатуына тура келеді.

Шымкент

 
Комментарии