Қытайда тағы жаңа вирус табылды

3624
Adyrna.kz Telegram

Қытай ресми түрде Бейжің базарларының бірінен табылған жаңа коронавирус туралы мәліметтерді жариялады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 Қытай вирустың геномы туралы қолда бар ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберді.Бұған дейін қытай  билігі коронавирустық инфекцияның қайталануына байланысты қаланы уақытша жабуға шешім қабылдаған болатын. 19 маусымнан бастап елде жолаушылар тасымалы тоқтатылды.

15 маусымда Пекиндегі Синфади көтерме базарында табылған жаңа коронавирус Ухань қаласынан табылған вирусқа қарағанда жұқпалы болуы мүмкін екендігі анықталды. Базар басшысы SARS-CoV-2 вирусының импортталған лососьді кесу үшін қолданылатын тақтадан табылғанын айтты.

Қытай бірнеше рет ДДҰ-ға елдегі індеттің басталғаны туралы ақпараттарды кеш жіберді деп айыпталды. Сондай-ақ, Пекин Вашингтонда бірнеше рет өткір сынға ұшыраған болатын.

Пікірлер