Алматы облысында жол апаттары азайып, жол-көлік жағдайы жақсарды

3044
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының полициясы өңірдегі жол қауіпсіздігі бойынша статистикалық мәліметтермен бөлісті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жылдың басынан бері Алматы облысының аумағында 659 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 106 адам қаза тапқан және 937 адам жараланған. Өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 30 пайызға төмендеген.

– Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының қызметіндегі өзекті және басым бағыттардың бірі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел – алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу жолдардағы жағдайды тұрақтандыруға, жол қозғалысы ережелерін бұзуды азайтуға, ал кейбір жағдайларда оларды барынша болдырмауға мүмкіндік береді, – дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Ашимов.

Сонымен қатар, облыс бойынша жаяу жүргіншілерге қатысты 241 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 45 адам қаза тауып, 209 адам жарақаттанған. Патрульдік полиция 85 367 жол қозғалысы ережесіне қатысты құқық бұзушылықты анықтаған.

Талдауға сай, ЖКО-ның негізгі себептері көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Белгіленген жылдамдықты арттыру нәтижесінде 177 ЖКО орын алып, 30 адам қаза тапқан және 308 адам жарақаттанған. 44 ЖКО қарсы бағытқа шығу нәтижесінде орын алған, онда 19 адам қаза тауып, 76 адам жарақат алған, – деп толықтырды Ашимов.

Пікірлер