Астаналық дәрігер: Мынадай сұмдықты бірінші рет көрдім

2680
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционист маманы Сәуле Атығаева қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде қазір не болып жатқанын айтты, деп хабарлайды, «Адырна» ұлттық порталы zakon.kz,-ке сілтеме жасап.

- Егер 28 қаңтардан бастап есептесек, онда біз бес ай бойына үйге бармай, қалтқысыз жұмыс істеп жатырмыз. Біздің аурухана елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап бос болған емес. Ал соңғы аптада көп науқас десем, жәй айтқаным болар, біз ауыр халдегі науқастарды көп қабылдап жатырмыз. Қазір бұл ауруханада жатқан барлық науқастың 95% -ы - пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі және оттегіні қажет ететін науқастар. Біздің жан сақтау бөлімі науқастарға толып кетті, - деді дәрігер.

Бас инфекционист-маман Қазақстан халқын сақ болуға, өз денсаулығын ғана емес, сонымен бірге жақындарының денсаулығын да ойлауға шақырады. Ол күн сайын тұншығып, қиналған адамдарды көріп, жаны ауырады, оның айтуынша, мұның бәрі карантиндік шараларды сақтамаған.

- Мен 28 жыл бойына жұмыс істеп келемін, бірақ өмірімде мұндай сұмдықты көрмеппін. Көз алдында ауа жетпей адамдар көз жұмып жатыр, бірінен кейін бірі. Ал бұл адамдардың карантин туралы еш ойланбай, көшеге шығып, қонаққа барып, ауруды бір-біріне жұқтырғандығынан болып жатыр. Бұл - өте қиын жағдай. "Италиядағы сценарий ме" деп сырттай айыптап, кекетіп, бұған сенбей жатқандар бар көрінеді. Бірақ, міне көз алдымызда топырлап жатыр, қалай бұған сенбейсіз, біз қатты шаршап кеттік, ақыры жүйкені тыныштандыратын дәріні қабылдауға көштік. Енді не істейміз, басқа амал жоқ, төрт ай бойғы қатаң режимдегі біздің жұмыс - нағыз тозақ іспетті. Бұл - шынымен де өте қорқынышты, - деді Сәуле Атығаева.

 

Пікірлер