Масқара! Туымыз бейнеленген дәретхана жабдығы сатылымға шықты

5230
Adyrna.kz Telegram

Шетелдік amazon.nl сату және алу сайтында Қазақстан Республикасының туы бейнеленген дәретхана жабдықтары, қысқашалбарлар, пышақ пен шанышқыға арналған сүлгілер және өзге де жабдықтар сатылымға шықты.

Қазір әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік ту бейнеленген спорттық киімдер, құрал-жабдықтар мен тағам өнімдері  бар. Бізді мемлекеттік рәмізіміздің дәретхана құралына айналдырғаны таң қалдырды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңымен айқындалады. Тәуелсіздік нышаны саналатын мемлекеттік тудың қорлануына тиісті орган басшылары назар аударып,  amazon.nl сату және алу сайты тиісті жауапкершілікке тартылады деп сенеміз.

 

Диана АСАНОВА,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер