Бостандыққа шыққан қос қандасымыз елге алғыс айтты (видео)

2692
Adyrna.kz Telegram

Қытайда туған қандастарымыз Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Семейдегі колониядан сегіз айдан кейін босап шықты. Бұл туралы екеуінің адвокаты Ләззат Ахатова хабарлады.

Еске сала кетсек, Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына  "мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті" деген айып тағылып, сот үкімімен қамауға алынған болатын. Жыл басында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты Шыңжаңнан Қазақстанға өткен (қашқан)  екі этникалық қазақты бір жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған еді. Алайда сот үкімінде олардың тергеу изоляторында отырған кездері екі еселеніп, бір күні екі күнге есептелді. Осылайша қамау мерзімі 2019 жылдың 18 қазанынан бастап саналған.

Алайда қамаудан босаған жігіттердің құжаттары әлі толық шешілмеген.

Видео қос қандасымыздың адвокаты Ләззат Ахатқызының парақшасынан алынды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер